▪️Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы жеке кәсіпкер «Н» жауапкер «К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 6 489 389 теңге қарыз өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама толтыру тәртібімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілген. Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты