▪️Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы Б. жауапкер К.-ден 300 000 мың теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау туралы құқықтары түсіндіріліп, нәтижесінде тараптар өзара бітімге келіп, сотқа дейінгі хаттама жасау жолымен медиациялық келісімге келген.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер К. талап қоюшы Б.-ның пайдасына қарыз сомасын 2026 жылдың сәуір айына дейін толық төлеуге міндеттелді.
▪️ Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты