▪️ Қармақшы аудандық сотында азамат Ө.-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️ Қармақшы аудандық сотының қаулысымен азамат Ө.-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.
▪️ Алайда, Ө. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
▪️ Сот отырысында Ө.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, іс құжаттарымен бекітілген.
▪️ Сот қаулысымен Ө. ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қармақшы аудандық соты