▪️Қызылорда облысының соттары қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтуге ерекше үлес қосып, белсенділік танытты.

▪️Соттардың судьялары мен мамандары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, байқаулар өткізіп, ақынның мұражайына барып, аталған шаралардың барлығын бейнеролик түрінде ұсынды.

▪️Республика күні қарсаңында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған үздік бейнероликтер анықталды.

▪️Бағалау қорытындысы бойынша ІІІ орынды Байқоңыр қалалық соты, ІІ орынды Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты, І орынды Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жеңіп алды.

▪️Жеңімпаздар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған