▪️Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы З. жауапкер С.-дан негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, белгісіз адам З.-ға хабарласып, абонеттік нөмірінің мерзімі өткенін айтып, телефонына келген құпия сөзді сұрап, алаяқтық жолмен банк депозитіндегі ақшаны басқа шотқа аудартып алған.

▪️Аталған қаражат жауапкер С.-ның есепшотына аударылған.

▪️Жауапкер ақша аударымдарының негізсіз түскенін біле тұра, оны қайтару бойынша ешқандай әрекеттер жасамаған.

▪️Сот шешімімен талап қоюшының жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы қанағаттандырып, жауапкер С.-дан 1 230 000 теңге қарыз сомасы, 120 000 өкілге төленетін ақы, 12 300 теңге мемлекеттік баж сомасы өндірілді.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған