Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. «D» кафесінде жалғыз өзі көңіл көтеріп отырған кезде, даяшы З. мен сол кафенің әкімшісі А. кафенің жабылатынын айтып ескерткен.
Сол кезде А. балағат сөздермен өзінің кафеден шықпайтынын айтып, масаң күйде айтылған өтінішті ескермей, қоғамдық орын болып саналатын кафенің ішінде қолындағы шыны ыдысты сындырып, өзіне қарама қарсы тұрған даяшы З.-ның шашынан жұлып, оң аяғымен соңғының сол жақ аяқ санынан бірнеше мәрте теуіп, дене жарақатын салған.
Әрі қарай сотталушы А. кафе әкімшісі А.-ның көзіне екі мәрте соққы жасап, бет тұсынан тырнап, дене жарақатын салған.
Осылайша, А. қоғамдық тәртіпті, қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданып, әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан әрекеттер жасап, ҚР ҚК-тің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
Қызылорда қаласының №2 соты