Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен Д.-ға қатысты іс қаралды.
Азамат Д. сот бұйрығының негізінде өндіріп алушы А.-ның пайдасына кәмелетке толмаған балалар үшін алимент өндірілгеніне қарамастан, сот бұйрығын орындамаған.
Азамат Д. сотта берген түсінігінде кінәсін толық мойындайтынын, алимент бойынша қарызын 2024 жылдың басынан бастап төлемегенін, төлеуге мүмкіншілігі болмағанын, өзі жұмыссыз, тек қол жұмыстар жасаумен күнелтетінін көрсетті.
ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау түріндегі әкімшілік құқық бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сот қаулысына сай азамат Д. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.