Қазақстанда МРТ және компьютерлік томография арзандайды

Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК және МӘМС аясындағы медициналық қызметтер тарифін қайта қараған

Ресми дерек көздерінің ақпараты бойынша 1 қыркүйектен бастап компьютерлік томография мен магнитті-резонансты томография бағасы жаңа тариф бойынша есептеледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы бар көрінеді.

Жаңа тарифтер аса сұранысқа ие клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесіне сай белгіленген және олар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қолданылады.

Егер бұған дейін мойынның, кеуде ағзаларының, сүйек-буын жүйесінің және өзге де ағзалардың компьютерлік томографиясы 9622 теңге болса, енді оның бағасы 7976 теңге болады. Сондай-ақ, 29 955 теңге тұратын компьютерлік томография 24-25 мың теңге аралығына дейін төмендейді екен.

Магнитті-резонансты томография да белгілі бір деңгейде мәселен 12 247 теңгеден 8750 теңгеге және 34 735 теңгеден 29 605 теңгеге арзандайды.

Бұл тарифтер биылғы 1 қыркүйектен бастап қолданылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған