Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген жиынында жол салу мен жөндеуді сапалы, дер кезінде атқарумен қатар коммуналдық саладағы кемшіліктер және балалардың өмірінің қауіпсіздігі мәселесі де қаралды.
Жаз басталғалы суға кету оқиғалары, әсіресе балалардың суға кетуі жиілеп тұр. Белгіленбеген орындарға суға түскеннің, судағы қауіпсіздікті сақтамағанның соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруда.
Мектеп жасындағы балалардың жазғы каникулда суға кетуіне, білім саласында орын алған кемшіліктерге орай облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжановта қатаң сөгіс арқалады.