Бүгін Астана қаласынан іс-сапармен арнайы келген Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Хасенова мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Шараға Департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Семинар-тренинг барысында А.Хасенова мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы, қызметтік әдептің стандарттары, жалпы және іскерлік әдептің ерекшеліктері жөнінде атап өтті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізіліп, ұжымдағы ауызбіршілік, достық және іскерлік қарым-қатынасты нығайтудың алғышарттарын қамтитын техникалар көрсетілді.
Қатысушылар семинар-тренингтен ерекше әсер алып, шара соңында өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.