Қызылорда қаласының тұрғыны А. есімді әйел жеке кәсіпкерлер К. және Н.-мен жиһаз жеткізілімі бойынша шарт жасасқан. Шарттың нысаны бойынша жеке кәсіпкерлер әйелге жиһазды жасап, орналастырып беруге, ал әйел тауарды қабылдауға және төлеуге міндеттенген.
Тапсырыс беруші әйел жеке кәсіпкерлерге қолма қол және «Kaspi Bank» қосымшасы арқылы жиһаз құнының 70 пайызын алдын ала төлеген. Бұл мән-жай қолхатпен және банк түбіртегімен расталған.
Дегенмен, жеке кәсіпкерлер шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін уақытылы әрі толық орындамаған. Осыған байланысты, әйел Қызылорда қалалық сотына жүгініп, жиһазды дайындауға алдын ала төлеген ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Қалалық соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жиһазды жеткізу туралы шарт бұзылып, жауапкерлерден ортақтасқан түрде талап қоюшының пайдасына жиһазды дайындауға алдын ала төлеген 1 750 000 өндіру туралы сот шешімі шығарылған.
Алайда, жауапкерлер өздерінің уәждерін көрсетіп, шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағыммен жүгінген.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істің мән-жайын зерттеп, жиһаздың жасалуы толық әрі уақытылы аяқталмағанын және келісілген эскиздік жобаға сәйкес келмейтінін анықтады.
Осылайша, сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, жауапкерлердің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.