ByQAA.kz

Мам 16, 2024

«Жалғыздық үкім емес» тақырыбында тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің АКАӘПТЖББ-нің психолог маманы әділет капитаны А.Мырзалы мен С.Омарбектің ұйымдастыруымен тергеу мекемесіндегі айыпталушы әйел азаматшалар арасында «Мен бірмін», «Жалғыздық үкім емес» тақырыбында тренинг өтті.

Тренинг барысында айыпталушылар ақ парақ бетіне өмірден түйген өз ойларын жазып, оны ортаға ашық жеткізіп, психолог маманымен шер тарқасты.

Қазіргі таңда, психолог маманының көмегіне бірнеше адам алдын-ала ақылы түрде жазылады. Ал, тергеу мекемесінде қаншама айыпталушы мен сотталған азаматтар арасында психолог маманының болмауы бұл мүмкін емес. Жаңадан келіп түскен әрбір айыпталушы азаматты психолог маманы ең алғашқылардың бірі болып қабылдайды. Сондай-ақ, қоғамда психологтың рөлі өте маңызды.  Сол себепті, психолог маманы айыпталушы, сотталған азаматтар мен бірге түрлі тақырыптарда тренингтер өткізіп, іс-шаралар ұйымдастырады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған