Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдегі суармалы су ресурстарын пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді.

Талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғамның өкілдері шақырылады.

Осыған байланысты аталған салада туындаған барлық шағымдар мен ұсыныстар жөнінде, азаматтар төменде көрсетілген арнайы нөмір бойынша және электрондық поштаға жүгіне алады: эл.пошта: apvo.kzo@mail.ru; WhatsApp нөмірі: +7 707 282 2151

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Желтоқсан 156А мекенжайы бойынша «Antikor Ortalygy» алаңы арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған