Өткен аптадағы қала әкімдігінде өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында қала әкімі Серік Қожаниязов қалалық қоғамдық даму бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімінің өкімімен Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Айдын Қайруллаевтың есімі сырбойылықтарға жақсы таныс. 2002-2008 жылдары облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, Ақпарат министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Ақпарат басқармасының жетекші маманы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, көмекшісі қызметтерін атқарған.
2008-2018 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, орынбасары қызметтерін атқарып келді.
– Айдын Бөкенбайұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де, тәжірибелі маман. Маңызды салаларда басшылық қызмет атқарған, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Айдын Бөкенбайұлы әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін, – деді қала әкімі.
P.S Қала әкімі Серік Қожаниязовтың Қайруллаевқа мұншалықты сенім білдіруі бекерден бекер емес. Қанша дегенмен Айдын Бөкенбайұлы ел мақтаған, жұрт жақтаған өз ісінің білгірі.