Алдағы үш күндегі ауа райын оңтүстік циклон анықтайды.

16-18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде оңтүстік циклонның ықпалына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
16-18 мамыр аралығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Республиканың оңтүстігінде мұндай ауа райы бүкіл кезең бойы, шығыста – басында, оңтүстік-батыста – ортасынан, солтүстік-батыста – соңына қарай болады.
Еліміздің солтүстігі мен солтүстік-шығысында 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндіз +18…+25 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

«Солтүстік пен солтүстік-шығыстың кейбір аудандарында түнде теріс температура сақталады, оңтүстік-батыс ағынының арқасында температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады», – деп жазылған хабарламада.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған