Асылбек Шаменовтың тұрғындармен кездесуі Қызылөзек ауылдық округінде болды. Бүгінде облыстық және қалалық бюджет есебінен 396,8 млн. теңгенің жұмыстары атқарылуда. Қалалық бюджеттен бөлінген 1,6 млн. теңгеге елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары «Раяна» мекемесі арқылы жүргізілді.
Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын жүргізу және спорттық іс-шараларды іске асыруға қалалық бюджеттен 25,1 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Мерзімі – 2023 жылғы 31 желтоқсан.
Облыстық бюджеттен бөлінген 5,0 млн. теңге қаражатқа ауылдық округтің Е.Дәуітбаев көшесінің бойына балалар ойын алаңы мердігер мекеме «АлиПроектConstruction» ЖШС тарапынан салынып, пайдалануға берілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Айнакөл-1 және Айнакөл-4 көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнатуға қалалық бюджеттен бөлінген 4,5 млн. теңге қаражатқа мердігер мекеме «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС тарапынан жұмыстары толығымен аяқталды. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген 69,0 млн. теңге қаражатқа ауылдық округтің М.Жабагиев және Арғын көшелеріне жарық бағаналарының құрылысына мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз «Ai-Sultan Company» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар қалалық бюджеттен бөлінген 22,5 млн. теңге қаражатқа жеңімпаз мердігер мекеме «МК Сервис» ЖШС тарапынан түнгі жарықтандыруды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға қала әкіміне өз алғыстарын айтты. Асылбек Шаменов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері рет-ретімен шешілетіндігін жеткізді.
– Қала әкімі Асылбек Шаменов Қызылөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылымызда біраз жұмыстар жасалып жатыр. Қала әкімі алға қойған жұмыс жоспарларымен таныстырды. Алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тілеймін,-дейді ауыл ақсақалы.
P.S.Ақсақалдар әкімнің тұрғындармен кездесуінің көркі…