Қала әкімінің тұрғындармен кездесуі Қарауылтөбе ауылдық округінде жалғасты. Алдымен Асылбек Шаменов күрішке орақ түсу рәсіміне қатысты. Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институты 1051 гектар аумаққа егін еккен. Оның 821 гектары күріш, 191 гектары мал азықтық дақылдар, 35 гектары қант құмайы. Ал, жаңа сорттардың қатарында Айсара мен Маршал, Рапан бар. Диқандар күріштің әр гектарынан 55 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.

Округтегі жаңадан қоныстанушы аумақтағы жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 12 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 285,1млн.тенге «Ақ тоған» ЖШС-і қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізілуде. Қалалық бюджеттен бөлінген 24,2 млн.теңгеге «Айзон»ЖШС округтегі Желтоқсан көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізді. Кіреберіс авто жолының бойы және Байсейітов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізу үшін республикалық бюджеттен101,8 млн.теңге бөлініп, «Ақнұр Авто» ЖШС-і жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жұмыстарын жүргізуде. Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев және Желтоқсан көшелеріне жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізуге республикалық бюджеттен 94,2 млн. теңге бөлініп, «Ақтоған» ЖШС-і жаяу жүргіншілер жолының құрылысын жүргізуде. Республикалық бюджеттен 366,1 млн. теңге бөлініп, округ бойынша 8 КТПН, электр бағаналарын орнату үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Элком» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Күрішке орақ түсу рәсімінен кейін Асылбек Шаменов елді мекеннің тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

Алғашқы болып сөз алған ауыл ақсақалы медпункт мәселесі жөнінде айтты.

– Біздің ауылдың медпункті кішкентай. Соған жаңадан салып бересіздер ма, болмаса кеңейтіп бересіздер ма, шешіп берсеңіздер. Соны сізден сұраймын, деді ауыл ақсақалы.

Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі жауап берді.

– Қарауылтөбе ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория салу жұмыстары 2025 жылы жоспарланып отыр,-деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

– Осы ауылда көпқабатты тұрғын үйде тұрамын. Бізде газ жоқ. Көмір жағып отырамыз. Ол да дұрыс жанбайды. Үйімізді түтін басып, өліп қаламыз ба деп қорқамыз. Бізге газ келе, ме жоқ па?-деді елді мекен тұрғыны. Сосын біздің тұрып жатқан үйіміз апатты деп неге танылмайды?-дейді елді мекен тұрғыны.

– Сіздің үйіңіз апатты деп әлі танылмады. Апатты деп танылу үшін тиісті заңдар бар. Газ мәселесі бойынша бұндай мәселе қаланың ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлерде де бар. Алдағы уақытта мәселеңізді зерттеп көретін боламыз, деді Асылбек Шаменов.

Бұдан бөлек қоғамдық көлік мәселесі қозғалды. Қала әкімі барлық мәселелер рет-ретімен шешілетінін айтты.

P.S. Емханасы кішкентай ел қайда барып емделер?..

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған