Аудан әкімі Берік Сәрменбаев А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Аманат» ШҚ-ның егістік басында еңбеккерлерімен кездесті. Шаруашылықтың егін жинау науқанына дайындық жұмысымен танысты.
Аудан басшысы еңбеккерлермен сөйлесіп, науқан алдындағы көңіл-күйін білді. Егін жинау науқаны басталғанда жиын-терімді ысырапсыз жинап алуға тілектестік білдірді.
Шаруашылық төрағасы Бауыржан Жұмабаев атқарылып жатқан жұмыстарды айтты.«Аманат» шаруа қожалығы өткен жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысуда. Биыл 600 гектар жерге күріш дақылын орналастырып, бап-күтімін жасауда. Бүгінде шаруашылықта 50 адам жұмыс істейді.