Дана халқымыз медицинаның түр-түрін қолданып, дертке дауа, жанға шипа дүниелерді бұрыннан танып, білген. Бұған дейін «халық емі» деген дүниені жұртшылық жақсы қабылдап, қарапайым медицинадан дертіне жамау болмаса, бақсы-балгер, емші жағалап кететін. Ал қазір ше? Қазірде адамдардың санасы біраз дамыған. Емшілердің еміне жазылатындардың да қатары сирекен. Сондықтан болар, медициналық қызмет ештеңені шеше алмаса, шет елдің еміне мұқтаждық пайда болады. Кесел неден келеді десек, қазіргі экология, тіршіліктегі зиян дүниелердің барлығы туылмай тұрып зиян келтіруі мүмкін. Ал, өмірге келгеннен кейін ол бала ауруға белсендігі төмендеп, қиын жағдайды бастан кешіп жатады. Емшілердің бұл кезде ешқандай әрекеті мен ем-домы іске аса бермейді. Себебі, олар экологияны түгелімен өзгертіп жібере алмайды ғой? Міне, сол үшін емшіге бару тоқтатылып, шынайы ақ халаттылардың қызметіне зәру болып тұрмыз.
Бірақ, ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейтін халықтың ұрпағынанбыз. Атам қазақ бұрындары ауырған баланың немесе кісінің дерті жоғалып ктуі үшін түрлі әдіст қолдана білген. Соларға тоқталып өтейін. Мысалы, жер ұшық дейтін көне емделу тәсілі болды. Яғни күн батып бара жатқанда батыс жаққа қарай сәлем беріп, жерге сәжде жасап, соны 3-4 рет қайталағанда ауруды күнмен бірге батып кетеді деп ұғынған. Тағы біреуі – ұшықтау. Ол да тура осы сәтте бірақ, кесеге түрлі қоспаларды салып, ұшық сусын дайындап, соны ауырға адамның алды мен арқа тұсына үрлеп, шашып, үйді артына қарамай 3 айналдырып, үйге кіргізіп, орындырып тастаған. Көнеден қалған ем-шараның тағы бір тәсілі маймен сылау. Қандай дертке шалдықса да, апа-аналар дерттіні қойдың майына немесе борсықтың майына малдырып, орандырық ұйықтататын болған. Құй сен, құй сенбе, сол дүниелерді жасағаннан кейін, аурудың ізі де қалмай, дерті бар адам жазылып кететін болған. Бұл дүниелердің қатарында ірілі-ұсақты дем салу, сүру оқыту, оқытылған суды ішкізу, отпен аластау сынды ем-дом түрлері де кірген. Міне, ауырмаудың жолы мен ауырғаннан кейінгі ем-ашар оңай іске асырылатын болған. Ең алғаш ота жасалудың да түрі ерекше болды. Қазір жансыздандырып тұрып жасаса да, оның күші кеткендегі жағдайды ауыр қабылдайтын адамдар көп. Ал бұрын сол отаны жасау үшін ешқандай жансыздандырғыш екпелер болған жоқ қой? Пышақты отқа бір қыздырып алып, істей беретін. Тікпес бұрын сол пышақты қыздырып, теріні темірмей күйдіріп те жабыстырған деректер бар. Мұндайда адамдардың шыдамды әрі батыл болғанын байқаймыз. Бірақ, одан бұрын ауырмаудың жолын да қарастыру керек. Себебі, денеге түскен зақымның соңында өз қиындығы бар екенін білуге тиіспіз. Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолына ұмтылсақ, кез-келген ісіміз өнімді, өңді болады. Қазақ айтады, дертке шалдықпас бұрын дұға ет. Ал шалдықсаң, екі есе дұға жаса дейді. Бұл жерден ауырмай жүрудің бағасын, бақытын ұғынамыз. Неткен даналық десеңші. Қадірлі оқырман, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіз!
Айгерим ЕРЖАНАТ