Шиелі аудандық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер Ж.-дан жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жауапкер 2023 жылғы 28 сәуір сағат 23:50-лер шамасында Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында өзінің басқаруындағы көлік құралымен жол жүрісі қағидасының талаптарын сақтамай, талап қоюшының көлік құралына соқтығысып, нәтижесінде талап қоюшының меншігіндегі көлік құралының бүлінуіне алып келген материалдық залал келтірген.

Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жауапкер Ж. Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 69 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Қаулы заңды күшінде.

Талап қоюшы сотқа талап қоюмен жүгініп, онда жауапкерден автокөлікке келтірілген 2 404 687 теңге көлемінде материалдық шығынды және автокөлікке бағалау жұмыстарын жүргізген маманның еңбегіне төленген 40 000 теңге шығындарды өндіруді сұраған.

Жауапкерден талап қоюға жазбаша пікір түспеген.

Сот шешімімен талап қоюшы Д.-ның жауапкер Ж.-дан жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына көлік құралына келтірілген материалдық шығын 2 444 687 теңге және мемлекеттік баж салығына төленген 24 447  теңге өндірілген.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған