Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушылар Н. және Қ-ға қатысты Қазақстан Республикасының КК-нің 106-бабы 2-бөлігі 5),7)-тармақтарымен бұзақылық ісі қаралды.

Сотталушылар Н. мен Қ. адамдар тобымен бірге бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, ауыр санаттағы қылмысты жасаған.

Атап айтқанда, сотталушылар Н. мен Қ. 2024 жылы 21-тамызында қала орталығында кафеде туған күн атап өту үшін барған. Кафенің кіре берісінде баспалдақта сотталушы Н. жәбірленуші А.-мен сөзге келіп, болмашыны желеу етіп, жәбірленушінің маңдай тұсынан күштеп бір мәрте соққы жасаған. Сол сәтте, сотталушы Қ. жұдырығымен жәбірленушінің оң жақ тұсынан қатты соққы жасап, салдарынан жәбірленуші тігінен орналасқан баспалдақтан жерге құлап түскен.

Жәбірленуші А.-ның жерге құлап әлсіз күйде отырып, иығының сынғанын айтқанына қарамастан, Н. және Қ. жәбірленушіні соққыға жығып, дәрменсіз күйде қалдырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сот отырысында сотталушылардың қылмыстық іс-әрекеттері оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бет-бейне бағдарламасынан фотосурет бойынша тану үшін көрсету хаттамаларымен, жәбірленушінің, куәлердің жауаптарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушылар Н. мен Қ.ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 5), 7)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімімен азаматтық талап қоюшы жәбірленушінің пайдасына 3000 000 теңге моральдық зиян өндірілді.

Қызылорда қаласы №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған