Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Әбдіразақов Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Қазіргі жаһандану және цифрландыру жағдайындағы Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
 
Шара барысында судья  тақырып аясында баяндама жасап, сот билігінің тәуелсіздігі құқықтық мемлекеттің және демократиялық қоғамның негізгі қағидаттарының бірі екенін, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылатынын жеткізді.
 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы өзекті мәселелер мен заманауи жаңашылдықтар талқыланып, жаһандану және цифрландыру үдерістеріндегі құқықтық тетіктер мәселелері талқыланды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған