Елімізде соттың уақыт өткен сайын жанданып, жаңғырып келе жатқанына қарапайым  халық куә. Заңдарды жетілдіріп, судьялардың сапалы жұмыс істеуіне, тәуелсіздігін нығайтуға қатысты  қолға алынған реформалардың нәтижесі жоғары. Бұған қоса, сот кеңсесінің қызметін оңтайландыру, азаматтардың сотқа қолжетімділігін  арттыру бағытында атқарылған  істердің де тиімділігі мен пайдасы орасан зор.

Сот кеңсесі – сот саласындағы жоғары сапаның кепілі. Сотқа ісі түскен азаматтардың  көретіні – судья. Сондықтан көпшілігі сот жұмысын тек судьяның еңбегіне қарап бағалап жатады. Ал сот процесін ұйымдастырудағы  кеңсе мамандарының жанкешті қызметін азаматтар біле бермейді. Шындығында арыз – шағым, материалдар сот өндірісіне түскеннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстың өзі қыруар. Одан бөлек, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы, сотқа қатысушылардың процеске дер кезінде  шақырылып, уақытында келуі, сот отырыстарының талапқа са  й өтуі сот мәжілісі хатшыларының тындырымда еңбегі мен жұмысқа деген жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар сот отырысы бітіп, іске нүкте қойылғаннан кейін де кеңсе қызметкерлерінің  жұмысы бітпейді. Сот мамандары хаттама толтырып, дыбыс-бейне жазу құрылғысына жазылған таспаны құжаттап, сот актісін тараптардың қолына табыстауда да ортақ тәртіпке сай қызмет етеді.

Әрине, жаңа заманауи технологиялар кеңсе қызметінің жұмысын едәуір жеңілдетті. Ақпараттық технологиялар ең алдымен сот төрелігінің жеделдігі мен ашықтығын арттырды. Заман ағымына сай қолданысқа енгізілген  «Сот кабинеті» біріңғай сервисі, «Төрелік» жүйесі кез келген уақытта  соттармен барынша ыңғайлы байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Соның арқасында құжаттарды қабылдау, талап – арыздар  мен  істерді автоматты түрде бөлу, сот талқылауы, шешімдер, атқарушылық құжаттарды беру секілді сот қызметінің барлық кезеңдері жылдам әрі сапалы атқарылатын болды.

Азаматтар электронда сот төрелігін қаражат мен уақытты үнемдеудің кепілі деп біледі. Сонымен бірге, жаңа технология сот кеңсе жұмысының ашықтығын, жеделдігін арттырып, қағазбастылықтан арылуға көмегін тигізді. Осы нәтижелі жұмыстардың  арқасында  Қазақстанда сот органдарының  sud.gov.kz  деп аталатын біріңғай интернет – алаңы  құрылды. Бұл сайтта пайдаланушылар  тек  Жоғарғы соттың ғана емес, елдің барлық соттарының қызметі туралы ақпаратты біріңғай терезеден көріп танысып отырады. Сайтта немесе «Smart-сот» телеграм – боты арқылы жиі туындайтын сұрақтарға да қарапайым халықтың жедел, нақты жауап алуына жол ашылған.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисіне қатысты көпшіліктің пікірі жоғары. Бұл сервис сот жұмысына қол жеткізудің біріңғай онлайн терезесі ретінде мойындалған. Пайдаланушылар үйден немесе кеңседен шықпай – ақ сот талап арыз, шағым, өтініш, пікір, қарсы талап арыз немесе өтініш т,б көптеген электрондық құжат түрлерін бере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлей алады, сондай – ақ  кәсіби  медиаторды таңдап, медиацияны электрондық түрде жүргізуге өтінім бере алады.

Қорытындылай келе  қоғам игілігіне бағытталған жаңашылдықтардың барлығы азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтып қана қоймай, заңи құқықтық сауаттылығын арттырып келеді  деп  ойламын.

Р.Хизатова Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соты әкімшісінің  басшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған