Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша С.-ға қатысты іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша С.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы09.04.2025 жылы сағат 13:20 шамасында Қызылорда қаласында көлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарғаны анықталған. Осылайша азаматша С. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына жол берген.
Азаматша С. сотқа берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын айтып көрсеткен.
Сот қаулысына сай азаматша С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты