Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов 2025 жылдың 1-тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға жергілікті басылымдардың тілшілері қатысты.

Баспасөз мәслихатында Р.Алдамбергенов 2025 жылдың 3 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 13қылмыстық іс, 242 азаматтық іс, 161 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі аясында қаралған жария-құқықтық даулар жайында айта келе, жыл басынан бері 3 әкімшілік іс қаралып, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуларымен аяқталғанын тілге тиек етті.

Есепті кезеңде 68 азаматтық істің өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылғаны, 3 істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 3 істің татуласу келісімдерін жасаумен аяқталғаны, 2024 жылдың 3 айымен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер санының 24 іске(32,4%)ұлғайғаны айтылды.

Төраға құқық қолдану тәжірибесіндегі соңғы жаңашылдықтарға да тоқталып, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында қаралып жатқан істерден де хабардар етті.

Шара соңында төрағаР.Алдамбергенов журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Арал аудандық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған