Қаламызда «Қауіпсіз сауда» акциясы өткізілуде.

Қала орталығында сауда орындарының көбеюі қоғам қауіпсіздігін нығайта түсуді меңзейді. Сондықтан әр адам өзіне тиесілі аймақта, сауда-саттық кезінде қоғамның қауіпсіздік шарасын білгені абзал. Бір ғана нүктенің жауапсыздығы мен немқұрайлылығынан алып базар өртке орануы мүмкін. Күніне мыңнан астам халық келетін орталықтың қауіпсіздігі қырағы қамқорлықты талап етуде. Біз мұны Қызылорда қаласы Төтенше жағдай басқармасының «Қауіпсіз сауда» акциясы аясында ұйымдастырған
түсіндірме жұмыстары кезінде ұқтық. Басқарма қызметкерлерімен сауда орындарында жүргізілген жұмысы жөнінде редакциямызға Төтенше жағдайлар басқасмасының бас маманы О.Тұрсынбаев сұқбат берген еді.

  • Біздің басқарма өрттің алдын алу профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жасауда. Биылғы жылдың өзінде әр апта сайын сауда орталықтарында сатушылармен сатып алушыларға ескертпе үн парақтар, брошюра таратып, халықпен еркін форматта жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп келеміз» – деді ол.
    Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау органының қызметкерлері, Жергілікті атқарушы органдармен, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының қызметкерлері, “Ақмешіт ақшамы”газетінің тілшілері, жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілерімен бірлесіп, Қаламызда орналасқан «Жайна» және «Отырар» , “Асбол”, “Айтбек”, “Технодом”сауда орталықтары мен сауда дүкендерге өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қатар «Төтенше жағдайлардың алдын алу», «Өрт қауіпсіздігі» және «Мұздағы қауіпсіздік», «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
    Сөз соңында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбаев Олжас Тұрсынбайұлы қала тұрғындарына қауіпсіздік талаптарына жоғары жауапкершілікпен қарап, өз отбасыларында үнемі әр түрлі тақырыпта қауіпсіздік шараларын насихаттайтын әңгіме жүргізуге шақырды.
    Тұрғындарға кез-келген төтенше жағдайдың куәгері болса 101 немесе 112 номерлеріне қоңырау шалуды және құтқару қызметі тәулік бойы ел тыныштығын күзетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.

Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған