«Тәні саудың – жаны сау» дейді. Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Басқасын айтпағанда еліміздің спорт саласында қандай жетістіктерге жеткенін ескерсек, соның өзі халқымыздың салауатты өмір салты ұстанымының өз жемісін бергенін айғақтайды. Еліміз спортшылары әрқашан да халықаралық ареналарда ірі табыстарға жетіп жүр.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ стан халқына жыл сайынғы Жолдауында бұқара лық спортқа, дене шынықтыруға және балаларды қолдауға басымдық беру керектігін айтып келеді. Әр облыста, ірі облыс орталықтарында спорт секцияларын ашуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Елімізде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатындар саны 6 миллион адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін – спорт нысандары баршаға қолжетімді бола түсуі керек.
Жалпы Қызылорда облысы бойынша халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 1 490- ды құрап, 44 пайызға жетті. Оның ішінде 12 стадион, 47 спорт кешені, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі, 1 хоккей корты, 1 390 жазықтық құрылғы, 13 теннис корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні бар десек Қызылорда қаласында спорттық инфрақұрылымның қарқынды дамуы байқалады. Соңғы жылдары жаңа спорт кешендері салы нып, ескі нысандар қайта жөндеуден өтіп жатыр. Қалада мектептер мен жоғары оқу орындарында спорттық секциялар мен клубтар ашылып, балалар мен жастарды спортқа тарту мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Қаламызда тұрғындардың спортпен айна лысуына арналған көптеген нысандар мен инфрақұрылымдар бар. Олар қала тұрғын дарының денсаулығын нығайтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруда үлкен рөл атқарады.
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кен тінің жұртшылығы асыға күткен дене шынықтыру – сауықтыру кешені былтырғы жылдың желтоқсан айында ел игілігіне пайдалануға берілді. 20 мыңдай тұрғыны бар елді мекеннің өрендері бұған дейін ескі мектепте жаттығып жүрген. Құрылысына жарты миллиард теңге жұмсалған ғимаратта жекпе-жек, күрес түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Футбол, волейбол, баскетбол залы да бар. Ауыр атлеттер үшін де құрал-жабдықтар жетерлік.
Кенттегі спорт саласында да жарқын жетіс тіктер бар екенін айта кету керек. Мұнда жаңашыл жоспарлар жасалып, ғимараттар, арнайы мек тептер, секциялар ашылып жастарды жаңа спорт түрлеріне баулуда. Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен кент орталығынан спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі таңда 700-ден астам тұрақты шәкірт тәрбие ленуде. №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чем пионаттарынан жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Спорттық нысанның жалпы ауданы – 540 шаршы метр. Спортшылар саны 438 оның ішінде, еркін күрес 103, таеквандо 112, қазақ күресі 94, сам бо 60, каратэ 69. Ал, жаттықтырушылар саны 14.
– Тасбөгет кентінде орналасқан спорт кешен 2023 жылдың желтоқсан айында ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда спорттың 5 түрінен 438-ге жуық спортшыларымыз жаттығады. Дәріс беретін 14 жаттықтырушыларымыз бар. Яғни , спорттың еркін күрес, каратэ, тхэквандо, самбо және қазақ күресі спортық бөлімшелері жұмыс жасайды. Біздің 1 жылда жеткен үлкен жетістіктеріміздің бірі қазақ күресінен жастар арасында өткен ҚР чемпионатында шәкіртіміз Тілекжан Мұрат чемпионы атанды. Сонымен қатар тхэквандодан еліміздің түкпір-түкпірінде өткен жарыстан жеңімпаз атанып жүлде алғандарда бар. Спортшыларымыздың жаттығу жасауына барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта Әлем чемпиондары мен Олимп шыңын бағындыратын шәкірттеріміз шығады деп сене мін,-деді №5-і облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектеп директорының міндетін атқарушы Қаленов Алмат.
Қызылорда қаласы спорттық инфрақұры лымын дамытып, әртүрлі спорт түрлеріне арналған нысандарды жаңартып келе жатқан аймақтардың бірі. Осы орайда, үстел теннисі спортына арналған арнайы орталықтың ашылуы қала тұрғындары мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығы – спорт саласындағы жаңа белес болып, жергілікті тұрғындарға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орта лығы қазіргі заманғы талаптарға сай салын ған, жабық спорттық кешен болып табылады. Орталықтың инфрақұрылымы әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін жоғары стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда үстел теннисіне арналған бірнеше кәсіби корттар, демалыс аймақтары, жаттығу залдары мен спорттық құрал-жабдықтар бар. Орталықтың басты мақсаты – үстел теннисін қала тұрғындары арасында дамыту, сондай-ақ талантты спортшы ларды тәрбиелеп, оларды халықаралық арена ларға шығару.
Орталықтың кең көлемді жаттығу залдары мен арнайы бөлмелері жастарға кәсіби деңгей де дайындалуға мүмкіндік береді. Үстел теннисін жаңадан үйренгісі келетін балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы секциялар мен үйірмелер де жұмыс істейді. Қызылорда қаласындағы бұл орталық өзінің жоғары деңгейлі мамандарымен және кәсіби жаттықтырушылар құрамымен ерекшеленеді.
Үстел теннисі Қызылорда қаласында соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түріне қызығушылықтың артқаны байқалады, себебі үстел теннисі – техникалық және физикалық дайындықты қажет ететін, динамикалық әрі сергек ойынды талап ететін спорт түрі. Қалада ұйымдастырылатын түрлі жарыстар мен турнирлер үстел теннисінің танымалдылығын арттыруға ықпал етіп келеді.
Қызылордадағы Үстел теннисі орталығының ашылуы бұл спорт түрін кәсіби деңгейде дамытуға үлкен үлес қосады. Жас спортшылардың осы орталықта жаттығу мүмкіндігі, олардың болашағына зор ықпал етіп, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға жол ашады. Орталықтың жұмысы тек қана спортшыларды даярлаумен шектелмейді, сондай-ақ үстел теннисі бойынша қаладағы және аймақтағы жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қаламыздағы Үстел теннисі орталығының рөлі тек қана кәсіби спортшыларды даярлау емес, сондай-ақ қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Орталықта кез келген адам үстел теннисімен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін арнайы оқу бағдарламалары мен жарыстар ұйымдастырылып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізуде.
Сонымен қатар, орталықтағы тренажер залдары мен фитнес секциялары, сауықтыру шаралары қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға да зор ықпал етеді. Бұл жердің басты артықшылығы – әуесқой спортшылар мен кәсіби спортшылар үшін тең мүмкіндік жасалуы.
Жалпы қаламыздағы үстел теннисі бөлімшесінде 3 жаттықтырушы-оқытушы 200-ге жуық жасөспірімді спортпен шұғылдандыруда.
Үстел теннисінен 2024 жылы мамыр айында өткен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жұптық ойын да Әлжанова Аделя ІІ орын иеленді. Айдар бек Әлем Би осы ел біріншілігінде 8-орын, Ержан Арсен 23 орынға табан тіреді. Айдар бек Әлем Би халықаралық сынға ел намысын қорғауға жолдама алды. Осы жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен үстел теннисінен жасөспірімдер арасында “Алтын күз” республикалық ашық турнирінде спортшымыз Әлжанова Аделя жеңімпаз атанды.
– Ағымдағы жылдың қазан айында Үстел теннис орталығы ел игіліне пайдалануға берілді. Қазіргі таңда 3 жаттықтырушымыз бар. 200- ге жуық спортшыларымыз үстел теннисіне қатысады. Желтоқсан айында үстел теннисі спортынан ҚР чемпионаты өтеді. Сыр елінің намысын қорғау үшін арнайы командамыздың спорттық-жаттығу жиындары басталып кетті. Арнайы Астана қаласынан жаттықтырушыны алдырттық. Алдағы уақытта жарыстардан спорт шыларымыздан үлкен үміт бар. Бүгінде Білім басқармасымен келісіп, «Ашық есік» күндерін ұйымдастырып тұрамыз. 5-14 жас аралығындағы балалар тегін қатыса алады,- деді теннис спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оңталап Жәнібек.
Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығы – аймақтың спорттық инфрақұрылы мының дамуына маңызды үлес қосып, үстел теннисін дамытуға бағытталған бірегей жоба лардың бірі болып табылады. Орталықтың мүмкіндіктері мен жаттығу бағдарламалары қаланың жастарынан бастап, тәжірибелі спорт шыларға дейінгі түрлі деңгейдегі спортшыларды қамтиды. Бұл нысан Қызылордадағы үстел теннисін дамытуға ғана емес, жалпы спорттың болашағына да зор ықпал етеді.
Қаланың спорттық арсеналында осы орта лықтың орны айрықша, әрі оның жұмысы бола шақта Қызылордадан шыққан талантты үстел теннисі ойыншыларын халықаралық ареналарға шығару үшін бірден-бір мүмкіндік болып табылады.
Қаламызда орналасқан Мұз айдыны заманауи спорттық нысан қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған үлкен қадам болып табылды және қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты.
Мұз айдыны – көпфункциялы спорт кешені, мұнда хоккей мен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей және басқа да қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл кешен заманауи талаптарға сай салынған, әрі қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен жастарға қысқы спортпен айналысуға кең жол ашады. Мұз айдынының негізгі мақсаты – Қызылордада қысқы спорт түрлерін дамыту және осы салада талантты спортшыларды тәрбиелеу.
Мұз айдыны кешенінде көптеген инфра құрылымдық мүмкіндіктер бар. Мұнда хоккей мен мәнерлеп сырғанауға арналған кәсіби мұз алаңы, сондай-ақ спортшылар мен әуесқойлар үшін бөлек бөлмелер мен жаттығу залдары орналасқан. Сонымен қатар, мұз айдынында ұйымдастырылатын түрлі жаттығулар мен курстар, спорттық мектептер мен клубтар қала тұрғындарына арналған.
Кешеннің сыйымдылығы да үлкен, алаңда бір уақытта бірнеше жүз адам сырғанауға немесе жаттығуға мүмкіндік алды. Мұнда жоғары деңгейдегі халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуге жағдай жасалған. Сонымен қатар келушілер үшін арнайы жаттықтырушылар мен спорттық мамандар қызмет көрсетеді, олар түрлі спорт түрлері бойынша дәріс өткізеді, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер ұйымдастырылады.
Мұз айдынының ашылуы қаламызда қысқы спорттардың дамуына үлкен серпін берді. Мұз айдынында тек кәсіби спортшылар ғана емес, қарапайым қала тұрғындары да өз қызығушылықтарына қарай спортпен айналы сып жүр. Әсіресе балалар үшін бұл үлкен мүмкіндік болды. Мұнда кішкентай спортшылар хоккей мен мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін үйреніп, өз қабілеттерін дамытып жүр. Бұл жастық шақта салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, Мұз айдыны Қызылорда қаласы үшін қысқы туризмнің дамуына да ықпал етуде. Мұнда өткізілетін түрлі іс-шаралар мен жарыстар қалаға қосымша туристік ағын әкеледі. Бұл жер Қызылордаға келген туристер үшін де тартымды орынға айналуда.
Қызылордада қысқы спорт түрлері, оның ішінде хоккей мен мәнерлеп сырғанау салалары бұрын көп таралған жоқ болатын. Алайда, Мұз айдынының ашылуы бұл жағдайды өзгертіп, қалада жаңа спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды. Мұнда балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы секциялар жұмыс істейді, сондай-ақ, аймақтық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізіліп келеді. Қалада қысқы спортты дамыту үшін жасалып жатқан бұл жағдайлар болашақта Қызылордадан шыққан жас спортшылардың халықаралық ареналарда ел намысын қорғауына жол ашады.
Қысқы спорт түрлерінің дамуы қаладағы салауатты өмір салтын насихаттауға, денсау лықты нығайтуға және жастарды спортқа баулуға үлкен үлес қосып отыр.
Мұз айдыны орталығы 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабатында ойын залы, грек-рим күресі, көркем гимнастика, мұз алаңы, жаттықтырушы-оқытушылар бөлмесі, қызмет көрсету бөлмесі бар. Екінші қабат әкімшілік қызметкерлер бөлмелері, би залы бар. Орталықтың жалпы ауданы 8160 метр. Қазіргі таңда орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– Мұз айдыны 2013 жылы ашылды. 2013-2020 жылдар аралығында мұз айдыны директорының қызметін атқардым. Менен кейін басшы қызметін Илья Ильин атқарды. 10 жылдан аса уақыт өткеннен кейін мұз айдынымзға жөндеу жұмыстары керек деген шешімге келдік. Жоба[1]сметалық құжаттары дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта ғимарат сырты толық жөндеуден өтетін болады. Сонымен қатар ғимарат жанында лэд-экрандар орнатылатын болады,-деді Мұз айдынының бас инжинері Николай Некрасов.
Мұз айдыны кешені – аймақтағы қысқы спорттың дамуына елеулі ықпал етіп отырған маңызды нысан. Ол қала тұрғындары мен жас спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Бұл спорт кешенінің ашылуы Қызылорда қаласын тек жазғы спорт түрлерімен ғана емес, сондай-ақ қысқы спорт түрлері бойынша да танымал етуде.
Мұз айдынының маңыздылығы оның тек спорттық кешен емес, сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы болып табы луында. Алдағы уақытта бұл нысан Қызылорда дағы қысқы спорт түрлерінің болашағына үлкен үлес қосып, аймақтық және халықаралық дең гейде жаңа жеңістерге жол ашатынына сенім мол.
Ағымдағы жылдың шілде айында қаламыздың Ақмешіт мөлтек ауданында орналасқан «Мың бала» спорт кешені қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысанға айналған. Спорт кешенінің құрылысы 500 млн. теңгеге жүзеге асырылды. Жалпы аумағы 5000 шаршы метр. Қазіргі таңда мұнда 1000-нан астам бала спортпен шұғылданып жүр. Спорт түрлеріне бокс, кикбоксинг, таэквондо, дзюдо, самбо, қазақ күресі, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол, футбол, ұлттық би, ұлттық садақ ату кіреді.
«Мың бала» спорт кешені қаланың инфра құрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек.
«Наман ата»қоғамдық қорына қарасты «Мың бала»спорт кешені 2022жылдан бастап жұмыс істейді. Спорт кешенінде 12 түрлі спорттық үйірме бар.
Мекемеде жалпы 26 қызметкержұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары разрядты 19 тренер бар.
– Қазіргі таңда спорт кешенде 1000-ға жуық оқушы тәрбиеленуде. Олардың ішінде 22 Қазақстан Республикасының чемпионы, 1 Әлем Чемпионы бар. Жыл басынан бері 21 спорт шеберіне үміткерлер шығардық. Футболдан 16 бала футбол орталықтарында ойнауда. 18 бала 1-ші разрядты футболшы атанды. «Наман ата» спорт кешені «Абай-Дәулет» ЖШС-нің қол дауымен көптеген жарыстарға барып, түрлі шара лар ұйымдастырылып жүр,- дейді «Наман ата» қоғамдық қорының директоры Жұмабек Сәдібек.
Тек қала орталықтарында ғана емес қалаға қарасты барлық ауылдық округтер мен кенттерде спорттық кешендер саны артып келеді. Мысалы, Белкөл, Қызылжарма, Ақсуат секілді ауылдық жерлерде спорттық-сауықтыру кешендері ашылып, өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына ықпал етуде. Қызылорда қаласы спорттың бұқаралық сипат алуына ерекше көңіл бөледі. Бұл бағытта көптеген кешендер салынып, жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Мұхаммедшах Каюп