Қармақшы ауданында Құрылтай сайлауында алғаш рет дауыс беретін жастар үшін ерекше әрі есте қаларлық сәттер орын алды. Кәмелет жасына толып, алғаш рет сайлау учаскесіне келген жас азаматтар өздерінің алғашқы азаматтық таңдауын жасады.
Олардың қатарында студенттер, жас мамандар, жұмысшы жастар және әртүрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар бар.
Алғаш рет дауыс берген жастардың арасында сайлау учаскесіне достарымен, отбасымен және құрдастарымен бірге келгендер де болды. Олардың белсенділігі жастардың қоғамдық өмірге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті.Кейбір жас сайлаушылар үшін бұл күн ерекше естелікке айналды. Алғашқы дауыс беру сәтін олар суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті.