Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 23 бір мандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын

2. Қаулы Қызылорда қалалық мәслихатқа жіберілсін.

3. Осы қаулы Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында  орналастырылсын.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                          А. Ергешбаев

Қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы                                          К. Насибеков

№63/137, 30 желтоқсан 2022 жыл

Қызылорда қалалық сайлау

комиссиясының 2022 жылғы

30 желтоқсандағы

№63/137 қаулысына қосымша

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

№ 1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Қызылжарма а/о, 9 – көше №32 ғимарат, №144 мектеп ғимараты

Шекаралар: С.Торайғыров көшесінен бастап, Хон Бен До көшесінің бойымен солтүстікке қарай Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына дейін. Қызылжарма ауылдық округінің шекарасынан батысқа қарай Қ.Рүстембеков көшесіне дейін. Қ.Рүстембеков көшесінен солтүстікке қарай сол тармақ каналына дейін. Сол тармақ каналының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Р. Алшынбаев көшесіне дейін. Р.Алшынбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Әбу Насыр Әл Фараби көшесіне дейін. Әбу Насыр Әл Фараби көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Әбу Насыр Әл Фараби көшесіндегі №195 үйге дейін. Әбу Насыр Әл Фараби көшесіндегі №195 үйден бастап оңтүстік батысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналынан бастап солтүстік батысқа қарай 9 мамыр көшесіне дейін. 9 мамыр көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Аламан көшесіне дейін. Аламан көшесінің бойымен батысқа қарай С.Торайғыров тұйығына дейін. С.Торайғыров тұйығының бойымен оңтүстікке қарай С.Торайғыров көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №172, №254, №266, №346, №370

№ 2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Камалов көшесі №39а, №10 мектеп ғимараты

Шекаралар: А. Сағымбаев көшесінен бастап Теміржол желісімен солтүстік батысқа қарай Хон Бен До көшесіне дейін. Хон Бен До көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Дәстүр көшесіне дейін. Дәстүр көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Тоғаныс батыр көшесіне дейін. Тоғаныс батыр көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Н. Шәменұлы көшесіне дейін. Н. Шәменұлы көшесінің бойымен батысқа қарай Т. Камалов көшесіне дейін. Т. Камалов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай К. Жүсіп көшесіне дейін. К. Жүсіп көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Темір жол өткеліне дейін. Темір жол өткелінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Бейбітшілік көшесіне дейін. Бейбітшілік көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С. Ишан көшесіне дейін. С. Ишан көшесінің бойымен оңтүстікке батысқа қарай Теміржол желісіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №176, №177, №249, №255

№ 3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Камалов көшесі №35, «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжінің ғимараты

Шекаралар: Хон Бен До көшесінен бастап Теміржол желісінің бойымен солтүстік батысқа қарай Спецавтобазаға дейін. Спецавтобазаның бойымен солтүстік шығысқа қарай Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына дейін. Қызылжарма ауылдық округінің шекарасына бойымен оңтүстік шығысқа қарай К. Рүстембеков көшесіне дейін. К. Рүстембеков көшесінің бойымен шығысқа қарай Хон Бен До көшесіне дейін. Хон Бен До көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Теміржол өткеліне дейін. Теміржол өткелінің бойымен солтүстік батысқа қарай К. Жүсіп көшесіне дейін. К. Жүсіп көшесінің бойымен батысқа қарай Т. Камалов көшесіне дейін. Т. Камалов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Н. Шәменұлы көшесіне дейін.
Н. Шәменұлы көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Тоғаныс батыр көшесіне дейін. Тоғаныс батыр көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №173, №174, №175, №262, №360, №374

№ 4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Момышұлы көшесі №78а, №253 мектеп ғимараты

Шекаралар: Қорқыт ата көшесінен бастап Теміржол желісінің бойымен батысқа қарай С. Ишан көшесіне дейін. С. Ишан көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Бейбітшілік көшесіне дейін. Бейбітшілік көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай С. Лапин көшесіне дейін. С. Лапин көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Торайғыров көшесіне дейін. Торайғыров көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Б. Момышұлы көшесіне дейін. Б. Момышұлы көшесінің бойымен солтүстікке қарай Бостандық көшесіне дейін. Бостандық көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай К. Кетебаев көшесіне дейін. К. Кетебаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Бейбітшілік көшесіне дейін. Бейбітшілік көшесінің бойымен шығысқа қарай Жанқожа батыр көшесіне дейін. Жанқожа батыр көшесінің бойымен оңтүстікке қарай М. Жұмабаев көшесіне дейін. М. Жұмабаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ж. Баласағұн көшесіне дейін.
Ж. Баласағұн көшесінің бойымен оңтүстікке қарай И. Тайманов көшесі
№163 үйге дейін. И. Тайманов көшесі №163 үйдің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Б. Байділдаев тұйығына дейін. Б. Байділдаев тұйығының бойымен оңтүстікке қарай Қ. Бекниязов көшесіне дейін. Қ. Бекниязов көшесінің бойымен шығысқа қарай Қорқыт ата көшесіне дейін. Қорқыт ата көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Теміржол желісіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №179, №180, №181, №183

№ 5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Торайғыров көшесі №67, №43 мектеп ғимараты

Шекаралар: Теміржол желісінен бастап Қорқыт ата көшесінің бойымен  солтүстікке қарай Қ. Бекниязов көшесіне дейін. Қ. Бекниязов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Б. Байділдаев тұйығына дейін.
Б. Байділдаев тұйығының бойымен солтүстік батысқа қарай И. Тайманов көшесі №163 үйге дейін. И. Тайманов көшесі №163 үйдің бойымен солтүстікке қарай М. Жұмабаев көшесіне дейін. М. Жұмабаев көшесінің бойымен солтүстік батысқа Жанқожа батыр көшесіне дейін. Жанқожа батыр көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Бейбітшілік көшесіне дейін. Бейбітшілік көшесінің бойымен батысқа қарай К. Кетебаев көшесіне дейін. К. Кетебаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ақмаржан – 35 көшесіне дейін. Ақмаржан – 35 көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінің бойымен солтүстік батысқа қарай Қорқыт ата көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №182, №184, №185, №359

№ 6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Торайғыров көшесі №264, №222 мектеп ғимараты

Шекаралар: С. Торайғыров көшесінен бастап С. Лапин көшесінің бойымен  оңтүстік батысқа қарай С. Боқаев тұйығына дейін. С. Боқаев тұйығының бойымен оңтүстік батысқа қарай Бейбітшілік №54 үйге дейін. Бейбітшілік №54 үйдің бойымен солтүстік батысқа қарай Хон Бен До көшесіне дейін. Хон Бен До көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай С. Торайғыров көшесіне дейін. С. Торайғыров көшесінің бойымен шығысқа қарай С. Торайғыров тұйығына дейін. С. Торайғыров тұйығының бойымен солтүстікке қарай Аламан көшесіне дейін. Аламан көшесінің бойымен шығысқа қарай 9 мамыр көшесіне дейін. 9 мамыр көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойынан бастап оңтүстік шығысқа қарай Самал көшесіне дейін. Самал көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Әбу Насыр Әл – Фараби көшесіне дейін. Әбу Насыр Әл – Фараби көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Р. Алшынбаев көшесіне дейін. Р. Алшынбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай сол тармақ каналына дейін. сол тармақ каналының бойымен А. Сағымбаев көшесіне дейін. А. Сағымбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ж. Құлымбетов көшесіне дейін.
Ж. Құлымбетов көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Жастар көшесіне дейін. Жастар көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен солтүстік батысқа қарай Б. Момышұлы көшесіне дейін. Б. Момышұлы көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай С. Торайғыров көшесіне дейін. Торайғыров көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай С. Лапин көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №178, №250, №256

№ 7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Ш. Қалдаяқов көшесі №10а, №271 мектеп ғимараты

Шекаралар: Қызылжарма каналынан бастап солтүстік шығысқа қарай Жастар көшесінің бойымен Жезқазған трассасына дейін. Жезқазған трассасының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Жезқазған трассасына дейін. Жезқазған трассасының бойымен оңтүстік батысқа қарай К. Күдерқожа көшесіне дейін. К. Күдерқожа көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай С. Ысқақов көшесіне дейін. С. Ысқақов көшесін бойымен батысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінің бойымен соллтүстік батысқа қарай Қ. Бекниязов (қоспай) көшесіне дейін. Қ. Бекниязов (қоспай) көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Ақмаржан-35 көшесіне дейін. Ақмаржан-35 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен солтүстік батысқа қарай Жастар көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №186, №257, №347, №358

№ 8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Жаппасбай батыр көшесі №72г, №282 мектеп ғимараты

Шекаралар: Темiр жол желiсiмен шығысқа қарай С.Ысқақов көшесiне дейiн. С.Ысқақов көшесiнiң бойымен шығысқа қарай Күдерi Қожа Көшекұлы көшесiне дейiн. Күдерi Қожа Көшекұлы көшесi бойымен оңтүстiк шығысқа қарай Жезқазған трассасына дейiн. Жезқазған трассасының бойымен оңтүстiкке қарай темiр жол желiсiне дейiн. Темiр жол желiсiнiң бойымен солтүстiк-батысқа қарай С.Ысқақов көшесiне дейiн. Белкөл кентімен, Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдық округтерімен қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №221, №231, №232, №236, №357

№ 9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Ақмешіт м/а №34, №9 мектеп ғимараты

Шекаралар: Сырдария өзенінен бастап С. Есқараев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Т. Рысқұлов көшесіне дейін. Т. Рысқұлов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә. Құдабаев көшесіне дейін. Ә. Құдабаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай О. Жандосов көшесіне дейін.  О. Жандосов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай А. Ыдырысов көшесіне дейін. А. Ыдырысов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай И. Журба көшесіне дейін. И. Журба көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай И. Журба көшесі 28 үйге дейін. И. Журба көшесі 28 үйдің бойымен солтүстік шығысқа қарай Ж. Қыдыров көшесіне дейін. Ж. Қыдыров көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай М. Саламатов көшесіне дейін. М. Саламатов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінің бойымен солтүстік батысқа қарай «Ягодка», «Пищевик» саяжайларына дейiн. «Ягодка», «Пищевик» саяжайларынан оңтүстік батысқа қарай Сырдария өзенінін жағалай
С. Есқараев көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №188, №190, №251, №361

№ 10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Ақмешіт м/а №35, №136 мектеп ғимараты

Шекаралар: М. Саламатов көшесінен бастап Теміржол желісінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай О. Жаңаділов көшесіне дейін. Жаңаділов көшесінің бойымен шығысқа қарай С. Айтбаев көшесіне дейін. С. Айтбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Бегім ана көшесіне дейін. Бегім ана көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Б. Пәрімбетов көшесіне дейін. Б. Пәрімбетов көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай                        А. Байтұрсынов көшесіне дейін. А. Байтұрсынов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С. Айтбаев көшесіне дейін. С. Айтбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай К. Байсейітова көшесіне дейін. К. Байсейітова көшесінің бойымен батысқа қарай Ә. Тәжібаев көшесіне дейін. Ә. Тәжібаев көшесінің бойымен батысқа қарай Д. Қонаев көшесіне дейін. Д. Қонаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Журба көшесіне дейін. Журба көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ү. Түктібаев көшесіне дейін.             Ү. Түктібаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай О. Жандосов көшесіне дейін. О. Жандосов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай        А. Ыдырысов көшесіне дейін. А. Ыдырысов көшесінен солтүстік шығысқа қарай Журба көшесіне дейін. Журба көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Журба көшесі 28 үйге дейін. Журба көшесі 28 үйдің бойымен солтүстік шығысқа қарай Ж. Қыдыров көшесіне дейін. Ж. Қыдыров көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай М. Саламатов көшесіне дейін. М. Саламатов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №189, №191, №194, №195, №258

№ 11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Әбілқайыр хан көшесі №36а, №23 мектеп ғимараты

Шекаралар: Сырдария өзенінен бастап С. Есқараев көшесінің бойымен солтүстікке қарай Т. Рысқұлов көшесіне дейін. Т. Рысқұлов көшесінің бойымен шығысқа қарай Ә. Құдабаев көшесіне дейін. Ә. Құдабаев көшесінің бойымен солтүстікке қарай О. Жандосов көшесіне дейін. О. Жандосов көшесінің бойымен Ү. Түктібаев көшесіне дейін. Ү. Түктібаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай И. Журба көшесіне дейін. И. Журба көшесінің бойымен шығысқа қарай Д. Қонаев көшесіне дейін. Д. Қонаев көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ә. Тәжібаев көшесіне дейін.                 Ә. Тәжібаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай М. Әуезов көшесіне дейін. М. Әуезов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Әйтеке би көшесіне дейін. Әйтеке би көшесінің бойымен шығысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Қорқыт ата көшесіне дейін. Қорқыт ата көшесінің бойымен шығысқа қарай                     А. Байтұрсынов көшесіне дейін. А. Байтұрсынов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Ө. Қиязов көшесіне дейін. Ө. Қиязов көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін. Ғ. Мұратбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ш. Есенов көшесіне дейін. Ш. Есенов көшесінің бойымен батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Тәуелсіздік даңғылы бойымен солтүстік батысқа қарай Әбілқайыр көшесіне дейін. Әбілқайыр көшесінің бойымен батысқа қарай Сырдария өзеніне дейін. Сырдария өзенінің бойымен солтүстік батысқа қарай С. Есқараев көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №192, №193, №199, №203, №204, №205, №366, №371

№ 12 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Мұратбаев көшесі №11, №198 мектеп ғимараты

Шекаралар: Тәуелсіздік даңғылынан бастап Баянауыл көшесінің жалғасы И. Панфиловтың бойымен шығысқа қарай Абай даңғылына дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә. Бөкейхан көшесіне дейін. Ә. Бөкейхан көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай А. Иманов көшесіне дейін. А. Иманов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай
З. Шүкіров көшесіне дейін. З. Шүкіров көшесінің бойымен шығысқа қарай
А. Пушкин көшесіне дейін. А. Пушкин көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ғ. Мүсірепов көшесіне дейін. Ғ. Мүсірепов көшесінің бойымен батысқа қарай Абай даңғылына дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Ө. Қиязов көшесіне дейін. Ө. Қиязов көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін. Ғ. Мұратбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ш. Есенов көшесіне дейін. Ш. Есенов көшесінің бойымен Тәуелсіздік даңғылына дейін. Тәуелсіздік даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін. Сол жағалаудағы үйлерді қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №206, №207, №209, №242, №372

№ 13 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Әуелбеков көшесі №10, №5 мектеп ғимараты

Шекаралар: А. Байтұрсынов көшесінен бастап С. Айтбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін.              А. Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Б. Пәрімбетов көшесіне дейін. Б. Пәрімбетов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Бегім ана көшесіне дейін. Бегім ана көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С. Айтбаев көшесіне дейін. С. Айтбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Қорқыт ата көшесіне дейін. Қорқыт ата көшесінің бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен солтүстікке қарай Әйтеке би көшесіне дейін. Әйтеке би көшесінің бойымен батысқа қарай М. Әуезов көшесіне дейін. М. Әуезов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Ә. Тәжібаев көшесіне дейін.                 Ә. Тәжібаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай К. Байсейітов көшесіне дейін. К. Байсейітов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №196, №197, №198, №200, №202, №252, №369

№ 14 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Қоңыратбаев көшесі №22, №171 мектеп ғимараты

Шекаралар: Теміржол желісінен бастап Астана даңғылының бойымен оңтүстік батысқа қарай Е. Көшербаев көшесіне дейін. Е. Көшербаев көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ә. Бөкейхан көшесіне дейін.
Ә. Бөкейхан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай А. Иманов көшесіне дейін. А. Иманов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай З. Шүкіров көшесіне дейін. З. Шүкіров көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай
А. Пушкин көшесіне дейін. А. Пушкин көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ғ. Мүсірепов көшесіне дейін. Ғ. Мүсірепов көшесінің бойымен батысқа қарай А. Байтұрсынов көшесіне дейін. А. Байтұрсынов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Қорқыт ата көшесіне дейін. Қорқыт ата көшесінің бойымен шығысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік қығысқа қарай Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Е. Көшербаев көшесіне дейін. Е. Көшербаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ы. Алтынсарин көшесіне дейін. Ы. Алтынсарин көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай А. Хангелдин көшесіне дейін. А. Хангелдин көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай
Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін. Ғ. Мұратбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай З. Шүкіров көшесіне дейін. З. Шүкіров көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Астана даңғылына дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №201, №208, №215, №216, №356

№ 15 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Шұғыла м/а №78, №7 мектеп ғимараты

Шекаралар: Теміржол желісінен бастап З. Шүкіров көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ғ. Мұратбаев көшесіне дейін. Ғ. Мұратбаев көшесінің бойымен батысқа қарай А. Хангелдин көшесіне дейін.
А. Хангелдин көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ғ. Мүсірепов көшесіне дейін. Ғ. Мүсірепов көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай
Е. Көшербаев көшесіне дейін. Е. Көшербаев көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол желісіне дейін. Теміржол желісінен бастап оңтүстік шығысқа қарай З. Шүкіров көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №217, 218, №219, №220, №235, №259

№ 16 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., А. Иманов көшесі №1, №233 мектеп ғимараты

Шекаралар: Тәуелсіздік даңғылынан бастап Баянауыл көшесінің жалғасы И. Панфиловтың бойымен шығысқа қарай Абай даңғылына  дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә. Бөкейхан көшесіне дейін. Ә. Бөкейхан көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай                    Е. Көшербаев көшесіне дейін. Е. Көшербаев көшесінің бойымен Оңтүстік шығысқа қарай Астана даңғылына дейін. Астана даңғылының бойымен оңтүстік батысқа қарай Н. Назарбаев даңғылына дейін. Н. Назарбаев даңғылының бойымен солтүстікке қарай Н. Ергешбаев көшесіне дейін.             Н. Ергешбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Сырдария өзенiнiң қорғаныс бөгетiне дейiн. Сырдария өзенiнiң қорғаныс бөгетiнің бойымен батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №211, №212, №213, №214, №355

№ 17 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Арай м/а, Әбдіразақов көшесі нөмірсіз, №278 мектеп ғимараты

Шекаралар: Сұлтан Бейбарыс көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылы бойымен солтүстікке қарай Текей батыр көшесіне дейін. Текей батыр көшесінің бойымен шығысқа қарай Ж. Әбдіреев көшесіне дейін. Ж. Әбдіреев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай М. Әбдіразақов көшесіне дейін. М. Әбдіразақов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Ә. Мүсілімұлы көшесіне дейін. Ә. Мүсілімұлы көшесінің бойымен шығысқа қарай                    Ә. Марғұлан көшесіне дейін. Ә. Марғұлан көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Сырдария мөлтек ауданы №3 көпқабатты тұрғын үйге (қоспай) дейін. Сырдария мөлтек ауданы №3 көпқабатты тұрғын үйдің (қоспай) бойымен батысқа қарай Қасымхан көшесіне дейін. Қасымхан көшесінің бойымен (Сырдария мөлтек ауданын қоспай) оңтүстікке қарай         С. Бейбарыс көшесіне дейін. С. Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Арай мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерімен қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №349, №354, №375

№ 18 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Жібек жолы көшесі №61, №101 мектеп ғимараты

Шекаралар: Н. Назарбаев даңғылынан бастап Астана даңғылының бойымен солтүстік шығысқа қарай Қ. Ажаров көшесіне дейін. Қ. Ажаров көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ж. Бекқожаев көшесіне дейін.                   Ж. Бекқожаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Б. Нұрпейісов көшесіне дейін. Б. Нұрпейісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Түркістан көшесіне дейін. Түркістан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ш. Абдуллаев көшесіне дейін. Ш. Абдуллаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С. Бейбарыс көшесіне дейін. С. Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Саяхат-25 көшесіне дейін. Саяхат-25 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Саяхат-35 көшесіне дейін. Саяхат-35 көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен оңтүстік батысқа қарай Қараша көшесіне дейін. Қараша көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Сыр ана көшесіне дейін. Сыр ана көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай           Н. Назарбаев даңғылына дейін. Н. Назарбаев даңғылының бойымен солтүстік батысқа қарай Сырдария мөлтек ауданы 1 көпқабатты тұрғын үйге (қоспай) дейін. Сырдария мөлтек ауданы 1 көпқабатты тұрғын үйдің (қоспай) бойымен батысқа қарай Ә. Марғұлан көшесіне (көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай) дейін. Ә. Марғұлан көшесінің (көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай) бойымен солтүстікке қарай Ә. Мүсілімұлы көшесіне дейін. Ә. Мүсілімұлы көшесінің бойымен батысқа қарай М. Әбдіразақов көшесіне дейін.                 М. Әбдіразақов көшесінің бойымен солтүстікке қарай Әбдіреев көшесіне дейін. Әбдіреев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Текей батыр көшесіне дейін. Текей батыр көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін (Арай мөлтек ауданыңдағы көпқабатты тұрғын үйлерді қоспай). Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстікке қарай Арай-Шұғыла саяжайына баратын бөгет жолына дейін. Арай-Шұғыла саяжайына баратын бөгет жолының бойымен солтүстік шығысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін. Желтоқсан көшесінің бойымен шығысқа қарай Ергешбаев көшесіне дейін. Ергешбаев көшесінің бойымен шығысқа қарай Абай даңығылына дейін. Абай даңғылының бойымен оңтүстікке қарай                     Н. Назарбаев даңғылына дейін. Н. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Астана даңғылына дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №210, №222, №241, №253, №263

№ 19 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Түркістан көшесі №54, Абай атындағы мектеп ғимараты

Шекаралар: Теміржол желісінен Астана даңғылының бойымен оңтүстік батысқа қарай Қ. Ажар көшесіне дейін . Қ. Ажар көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ж. Бекқожаев көшесіне дейін. Ж. Бекқожаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Б. Нүрпейісов көшесіне дейін.
Б. Нүрпейісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Түркістан көшесіне дейін. Түркістан көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай
Ш. Абдуалиев көшесіне дейін. Ш. Абдуалиев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай С. Бейбарыс көшесіне дейін. С. Бейбарыс көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай С. Бейбарыс көшесі № 42 үйге дейін. С. Бейбарыс көшесі № 42 үйдің бойымен оңтүстік шығысқа Саяхат-25 көшесіне дейін. Саяхат-25 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Саяхат-35 көшесіне дейін. Саяхат-35 көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Теміржол өткеліне дейін. Теміржол өткелінің бойымен солтүстік батысқа қарай Астана даңғылына дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №243, №348, №353

№ 20 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., С. Бейбарыс көшесі №5, №264 мектеп ғимараты

Шекаралар: Тәуелсіздік даңғылынан бастап С. Бейбарыс көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Қасымхан көшесіне дейін. Қасымхан көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Қасымхан 8 үйге дейін. Қасымхан 8 үйдің бойымен солтүстік шығысқа қарай Н. Назарбаев даңғылына дейін. Н. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстік шығысқа қарай (Астана – 1 мөлтек ауданыңдағы үйлерді қоспағанда) Сырдария су торабына дейін. Сырдария су торабының бойымен оңтүстікке қарай Тәуелсіздік даңғылына дейін. Тәуелсіздік даңғылының бойымен солтүстік батысқа қарай Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін. «Эдельвейс», «Орбита», «Еңбек», «Сабалақ» саяжайындағы үйлерді қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №260, №264, 345, №352

№ 21 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Тасбөгет к., Шүкіров көшесі №1, №11 мектеп ғимараты

Шекаралар: А. Иманов көшесінен бастап Қызылжарма каналының бойымен солтүстік шығысқа қарай Т. Жүнісов көшесіне дейін. Т. Жүнісов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай А. Құнанбаев көшесіне дейін.                           А. Құнанбаев көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Сейітпенбетов көшесіне дейін. Сейітпенбетов көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә. Жангелдин көшесіне дейін. Ә. Жангелдин көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Сапарбаев көшесіне дейін. Сапарбаев көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Ә. Молдағұлова көшесіне дейін. Ә. Молдағұлова көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай Ш. Есенов көшесіне дейін.          Ш. Есенов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М. Шоқай көшесінің бойымен оңтүстік батысқа қарай А. Иманов көшесіне дейін. А. Иманов көшесінің бойымен Қызылжарма каналына дейін. «Обоводнитель», «Сантехник», «Рахат», «СПМК-52», «СПМК-66», «Иіркөл» саяжайларымен қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №225, №226, №237, №351, №373

№ 22 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Тасбөгет к., Ғ. Мұратбаев көшесі №2, №176 мектеп ғимараты

Шекаралар: Тасбөгет кентінің шекарасынан бастап А. Иманов көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай М. Шоқай көшесіне дейін. М.Шоқай көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Ш.Есенов көшесiне дейін. Ш.Есенов көшесiнің бойымен оңтүстік шығысқа қарай                          А. Молдағұлова көшесіне дейін. А. Молдағұлова көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Сапарбаев көшесіне дейін. Сапарбаев көшесінің бойымен оңтүстік шығысқа қарай Ә. Жангелдин көшесіне (қоспай) дейін.           Ә. Жангелдин көшесінің (қоспай) бойымен солтүстік шығысқа Сейітпенбетов көшесіне дейін. Сейітпенбетов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай                    А. Құнанбаев көшесіне дейін. А. Құнанбаев көшесінің бойымен солтүстік шығысқа қарай Т. Жүнісов көшесіне дейін. Т. Жүнісов көшесінің бойымен солтүстік батысқа қарай Қызылжарма каналына дейін. Қызылжарма каналының бойымен солтүстiк-шығысқа қарай Тасбөгет шекарасына дейiн. Тасбөгет шекарасы бойымен оңтүстiк-шығысқа қарай қорғаныс бекетiне дейiн. Қорғаныс бекетi бойымен батысқа қарай Тасбөгет кентінің шекарасына дейiн. Тасбөгет кентінің шекарасының бойымен солтүстік батысқа қарай А. Иманов көшесіне дейін.

Сайлау учаскелері кіреді: №223, №224, №238, №261

№ 23 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:

Қызылорда қ., Ақсуат а/о, Махамбетов ауылы, Абай көшесі №10,

№143 мектеп ғимараты

Шекаралар: Ақсуат, Ақжарма, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтері және «Ягодка», «Пищевик» саяжайларын қоса.

Сайлау учаскелері кіреді: №187, №227, №228, №229, №230, №233, №234, №239, №240, №265, №344

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған