Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымына Шәкірбаев Мақсат Сәмитұлы тағайындалды.

Аймақ басшысы Н.Нәлібаев жаңа қызметтің тізгінін ұстаған Мақсат Шәкірбаевқа әділ әрі дұрыс шешім қабылдайтынына сенім білдірді.

– Мақсат Сәмитұлы осы кезге дейін жинақтаған мол тәжірбиесі мен жоғары білімін облыстық жергілікті атқарушы органдар бойынша ұжымда моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес өзара- қатынастар мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға жұмсайды деп сенеміз.

Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен тиісті деңгейде жұмыс жасауды тапсырамын,-деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған