Бірыңғай конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы қызметіне Қалиев Ғанижан Піртазаұлы тағайындалды.

Облыс әкімі басқарма басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– «Ғанижан Піртазаұлы осы кезге дейін жинақтаған мол тәжірибесі мен білімін күрделі де жауапты қызметке арнап, өңірдегі кәсіпорындарда ұжымдық еңбек дауларының алдын алуына, еңбекақы қарыздарын болдырмау шараларын уақытылы қадағалап, жұмысшылар құқығының сақталуына, аймақтың ажарын ашатын сәулетқұрылыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуына бақылау жасап, әділетті әрі заң үстемдігіне қызмет етеді деп сенеміз», –деді облыс әкімі.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған