Қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Түйменов.Ж БАҚ өкілдерімен кездесіп, атқарылған жұмыстары жайлы баяндады.


Оның айтуынша 2021 – 2022 ж.ж. жылу беру маусымында қала көлеміндегі тұрғын секторларда 52 өрт оқиғасы орын алды (2020-2021 ж. – 136), өткен жылмен салыстырғанда 21,5% азайған.
Материалдық шығын 5 млн. 850 мың теңгені құрады өткен жылмен салыстырғанда 7,4%көбейген.
Өрт оқиғасынан жарақат алғандар жоқ, алайда 3 адам қаза болды, (2020-2021 жыл – 4 адам).
Ағымдағы жылы көмірқышқыл газынан улану фактісі тіркелген жоқ.
Көмірқышқыл газынан улану көптеген жағдайларда тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болып жатады.

Сондай-ақ, 2021-2022 жылғы жылу беру маусымында 11 405 тұрғын үй секторының (208967 адам) ауласы араланып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 65 рет (1 476 адам) кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қамтылды,-деп атап өтті ол.

Басты назар қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасынан алынған тізімге сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғысбасты ана және мүгедек жандары бар 1 691 отбасы тұратын аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен үйлерге аударылып, тұрғылықты жерлері бойынша есепке алынған 2 660 тұрғын үй араланып, зерделеу жұмыстары барысында тұрмысы төмен осал топқа жататын тұрғын үйлерге 331 көмір қышқыл газын анықтайтын датчик орнатылған.
Бұдан бөлек «Қызылорда қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізім бойынша «АлауГазАймақ» ЖШС-мен Наурыз және Махаммбет тұрғын ауданында тұратын тұрмысы төмен мүгедек жандардың тұрғын үйлерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған