Жастар арасындағы белсенділікті дамытып, қоғамға үлес қосу үшін қала әкімдігі жыл сайын «Самғау» жастар сыйлығын ұйымдастырады.

Оның ішінде әр салада жетістікке жеткен белсенді жастарға түрлі номинация бойынша «Алғыс» хат пен ақшалай сыйлықтар беріледі. Бұл жылы да аталған шара өз жалғасын тауып, біршама үміткерлер байқауға өз кандидатурасын ұсынған болатын. Десе де, мықтылардың мықтысы сыннан сүрінбей өтіп, қала әкімі Асылбек Шаменовтың қолынан марапат алды.

«Достық үйінде» өткен дүбірлі шараға келген жастардың қарасы қалың болды. Көпшілігі орталық танысын, досын, туысын қолдағалы келіп, олардың жеңіс қуанышын бөлісуге келген.Шараны ұйымдастырған қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты жастар ресурстық орталығы болды. Айтпақшы, орталықтың ұжымы өзінің жұмысымен көзге түсіп, еліміздегі ең мықты орталықтардың қатарына кіргенін де айта кеткеніміз жөн.

Шараға келген қала басшысы Асылбек Өмірбекұлы «Qosyl» жастар орталығына «Jastar belgisi» жастар орталықтары үшін сапа белгісі» бағдарламасына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін 2 дәрежелі күміс белгіні табыстады. «Qosyl» жастар орталығы республика бойынша үздік жастар орталығы атанып, «Жастар ресурстық орталықтарының ұлттық лигасының» құрамына кірді. Алдағы уақытта өзге өңірлердегі жастар ресурстық орталықтары «Qosyl»-дан әдістемелік көмек алып, арнайы қолдауға ие болады. Ал жастар сыйлығымен марапатталғандар арасында :

 • «Жас дәнекерлеуші» – Қайрат Дәуіржан Қайратұлы;

• «Жас тас қалаушы» – Ізтілеуов Айболат Серікұлы;

• «Жас аспазшы» – Мұрат Арман Ақылбекұлы;

• «Жас автомеханик» – Мұқаш Бекзат Әбукәрімұлы;

• «Жас электрик» – Жүнісов Жандос Торғайбайұлы;

• «3D модельдеуші» – Жетпісбаев Серік Ерланұлы;

• «Графикалық дизайнер» – Корганбек Досжан Темірханұлы;

• «Робототехника» – Садибеков Ербол Ақылбекұлы;

• «Жас өрт сөндіруші» – Алиев Құрманғазы Адильбекович; • «Жас тігінші» – Әбдіқалықова Ұлжан Талғатқызы қала әкімінің  Алғысымен марапатталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған