Қала әкімінің өкімімен Шамұратов Пакуатдин Сража­динұлы қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Пакуатдин Сра­жадин­ұлы 1983 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2006 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық уни­верситетінде «Жер ресурстарын басқару және жер­ді үйлестіру», 2013 жылы «ҚазТұтынуОдағы» Қарағанды экономи­калық университетінде «Құқықтану», 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазалы-Құрылыс» ЖШС геодозист болып бастаған.

2007-2008 ж.ж аталған мекемеде директордың міндетін атқарушы; 2008-2010 ж.ж Қызылорда облысы­ның сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы; 2010-2011 ж.ж қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары; 2011-2012 ж.ж қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы; 2012-2017 ж.ж қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы; 2017-2020 ж.ж Тасбөгет кентінің әкімі; 2020-2021 ж.ж қалалық құрылыс бөлімінің басшысы; 2021-2022 ж.ж Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары; 2022-2023 ж.ж Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған