ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! СЫР ЕЛІНІҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ!

Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлаймыз.

2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады.

Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген ҚР кез-келген азаматы үміткер бола алады.

Гранттар бұл бағыттар бойынша беріледі:

  • ғылым
  • мәдениет
  • ақпараттық технологиялар
  • бизнес
  • медиа

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған