Арал ауданындағы №48 сайлау учаскесінде журналист, «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов дауыс берді.
Көп жылдан бері өңірдің қоғамдық өмірін ақпараттық тұрғыдан қамтып, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеріп келе жатқан журналист үшін бұл күн маңыздыҚаламгер сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол әр азаматтың дауыс беру құқығын пайдаланып, ел мен өңірдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қосуы қажет екенін атап өтті.
– Сайлау әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды мүмкіндік. Журналист ретінде қоғамдағы өзгерістерді үнемі бақылап, халықтың пікірін тыңдап жүремін. Сондықтан бүгін өзім де азамат ретінде дауыс беріп, таңдауымды жасау мен үшін маңызды. Біздің міндетіміз тұрғындарға ақпаратты дұрыс әрі объективті жеткізу, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеру. Ал азаматтардың міндеті өз таңдауын жасап, азаматтық құқығын пайдалану, – деді ол.