ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

«Жол бөлімшесі»бастауыш ұйым төрағасы Мейрамбек Шолтабаев жыл басында ұйым жұмысын жаңғыртуға байланысты жиын өткізді. Теміржолшылардың студиясында ұйымдастырылған жиынға станция мен бөлім басшылары, ұйымның белсенді партия мүшелері қатысты. Жиында М. Шолтабаев партия қызметін жаңғырту жөніндегі берілген тапсырма бойынша қолға алынған партиялық жобаларға кеңінен тоқтады. Оның айтуынша, партиялық жобалар ұйымға деген сенімді күшейтуге, еліміздегі стратегиялық бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға жүйелі түрде қатысуға, білікті кадрлар тобын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ бастауыш ұйым төрағасы ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай адамдар мемлекетімізді дамытады. Қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек“ деген сөзін тілге тиек етті . Сонымен қатар ол өз сөзінде аталған жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, олардың өз нәтижесін де көрсетуі керектігін айтып «Еңбек адамы» жобаға да ерекше назар аудартты. Жиында белсенді партия мүшелері сөз алып, жобаларды жүзеге асырудағы жаңа бастамалардың шын мәнінде аясы кең екенін, сондықтан күш біріктіріп жұмыс істеу керектігін сөз етті. Жиын соңында Мейрамбек Амандосұлы партиялық жобалар игілігімізге айналуы үшін барша партияластардың назарын міндеттерді абыроймен орындап, көздеген мақсаттарға қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған