Қоғамдық бірлестік қала аумағында тұратын мүгедектігі бар адамдарды әлеуеттендіруді жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестік мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғап, мүдделерін білдіреді. Әлеуметтік әріптестік қатынастар негізінде мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тарту, әлеуметтік оңалту шараларын жүзеге асырады. Жыл басынан бері қоғамдық бірлестікке 14 мүгедектігі бар адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам жастар тәжірибесімен жұмысқа қабылданды.

– Біз біраз жылдан бері қолөнермен айналысамыз. Арасында тапсырыстар қабылдаймыз. Өзіміздің жасаған бұйымдарымызды әлеуметтік желіге шығарып отырамыз. Тігін машиналарымыз ескі, ыңғайсыз. Ғимаратымыз суық, жағдай жасалмаған әжетхана далада,-деді Антазиева Сафура.

Шаһар басшысы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездескенде біраз мәселелер көтерілді. Атап айтқанда ғимараттың жағдайы, қоғамдық көлік, тұрғын үйдің жағдайы сынды мәселелер айтылды.

Қала әкімі мәселерді мұқият тыңдап, тиісті басшыларға тапсырма беріп, мәселелер шешілетінін жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасау керек екенін айтты.

P.S. Қожаниязов билігі мүмкіндігі шектеулі жанның мүмкіндігін шектемейді?..

Мұхаммедшах Каюп

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған