Ресми ақпарат: 2023 жылғы “Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен” Қармақшы ауданының 11 елдімекені қолайсыз болып танылған болатын. Атап айтқанда: Жосалы, Төретам кенттері, Қызылтам, Диірментөбе, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ– Интернационал, Алдашбай Ахун, Қуаңдария, Кекірелі және Шобанқазған ауылдары.

Осыған сәйкес ағымдағы жылдың 21 тамыз–15 қыркүйек аралығында құрамында 7 техника, 7 адамы бар Шымкент қаласының “SATTI TULIK” ЖШС мердігер мекемесімен бірлескен “Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына” қарсы залалсыздандыру жұмыстары аудандағы қолайсыз болып табылған елдімекендерге 1 және 2 кезеңдік залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Залалсыздандыру (дәрілеу) жұмыстарының нәтижесі тиімді және сапалы жүргізілуі үшін қолайсыз елдімекендердің тұрғындары мал қоралары мен аулаларына механикалық тазалық жұмыстарын жүргізіп, қи-қоқыстан тазартылуы керек және барлық тұрғындар залалсыздандыру айлығы аясындағы тазалық жұмыстарына белсенді қатысуы қажет.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған