Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізілді.

Шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева мен судьясы М.Тоғызбаева  қатысты.

Брифинг барысында Г.Мырзатаева әкімшілік соттың 2024 жылдың 3 айындағы жұмысын қорытындылап, жыл басынан бері 292 талап қою түскенін, оның басым бөлігі жер дауына қатысты мәселелер екенін атап өтті.  Сонымен қатар, осы кезеңде 273 іс аяқталғанын, былтырғы жылмен салыстырғанда қанағаттандырылған істердің көрсеткіші айтарлықтай көбейгеніне тоқталды.

Судья Меруерт Тоғызбаева дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібіне кеңінен тоқталып, жыл басынан бері 47 іс тараптардың татуласуы арқылы реттелгенін атап өтті. Сонымен қатар, тараптардың өзара келісімге келуіне байланысты талап қоюларды қайтарып алу жағдайлары жиі кездесетінін тілге тиек етті.  

Шара соңында судьялар корпусы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған