«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция жетекшісі Талғат Мақашов БАҚ өкілдерімен кездесіп, атқарылған жұмыстар турасында брифинг өткізді. Қазіргі таңда «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, қаламызда маңызды бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтеруде: ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесімен); Өнер сарайы; Облыстық қан орталығы; Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені, т.б. Сонымен қатар, қалаға қарасты Қарауылтөбе мен Талсуат ауылдық округтерінде 150 орындық екі ауыл клубтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталмыш нысандар жыл аясында ел игілігіне табысталады. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында үш ауысымда оқытатын 6 мектеп бар. Үш ауысымда оқытатын білім беру ұйымдары мәселесін шешу мақсатында қаламыздағы 4 мектептің жанынан 1850 орынға лайықталған қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қалған 2 білім нысаны биыл пайдалануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық жаңа мектеп есебінен шешу жоспарланған. Аталған мектептер жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріледі. Жалпы айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау және спортқа қолжетімділікті арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстар үнемі бақылауда. «AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында осы кезге дейін қаламызда салынып жатқан 9 нысанға партиялық бақылау бекеттері орналастырылды, оның бесеуі білім ошағы. Жол-көліктік инфрақұрылым мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бірнеше көпір құрылыстары жүргізілуде:

– Ғ.Мұратбаев пен Яссауи көшелерінің қиылысында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі;

– «Бәйтерек» тұрғын ауданында «Оң магистралды» арнасы арқылы автокөлік көпірі;

– Сырдария өзенінің солжақ жағалауындағы басты көше жолының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізімен жанасатын жерінде көлік айырығын салу.

«Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Елді мекендерді газдандыру бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, қала маңындағы Қосшыңырау ауылдық округінің Абай, Досан елді мекендерін газдандыру жұмыстары да бар. Осы күні екі елді мекеннің, яғни, Ақсуат және Махамбет ауылдық округтері көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындары игілігін көруде.- Мәселен, Қарауылтөбе ауылдық округіндегі ауылдық клуб сметалық құжаттарына сәйкес пеш арқылы жылитын болса, соны көгілдір отын жылуына өзгертуге депутаттық сауалдарымды жолдадым,-деді Т.Мақашов. Жоғарыдағы жұмыстардың жоспарға сай уақтылы, әрі жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында «AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша 2027 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасы негізінде жасалған «Жол картасындағы» индикаторлардың әрбіріне жауапты қалалық мәслихат депутаттары бекітілді.Сонымен қатар, ағымдағы жылы сайлау науқаны уақытында қалалық сайлауалды қоғамдық штабтың қабылдау бөлмесіне тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныс-тілектер келіп түскен болатын. Олардың басым бөлігі қаржылай көмек, демеушілік жасау, коммуналдық-инфрақұрылымдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер. Жалпы, 160-қа жуық өтініштер ұсынылып, тиісінше депутаттардың жауапкершіліктеріне алынды. Алдағы кезеңдерде де осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған