Сырдария электр желілерінің тозу деңгейін төмендету бағытында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Сырдария ауданындағы Қалжан ахун ауылында электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. «Қызылорда электр тарату торабтары компаниясы» акционерлік қоғамы мердігерлігімен 1 КРН-IV-10 10 кВ ұяшығы, 4 КТПБ 10/0,4 кВ қосалқы станция орнатылды.

Жоба бойынша 242 тұтынушының электр есептегіш құралдары мен вводтық кабельдері ауыстырылуда. 4,7 км көше жарығы қамтылған. 10 кВ әуе желісі бойынша: 189 бағана орнатылды.

Атқарылып жатқан бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, электрмен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңартылған инфрақұрылым болашақта апаттық жағдайлардың алдын алып, халықтың игілігіне ұзақ мерзім қызмет ететін болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған