Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесіне Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының өкілдері арнайы экскурсиямен келді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын кеңінен насихаттау.

Экскурсия барысында мекеме қызметінің негізгі бағыттары, жұмыс тәртібі, ішкі режим талаптары мен қызметтік міндеттердің орындалу ерекшеліктері таныстырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және парасаттылық қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу аясында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстардың өзектілігін атап өтті.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған