НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА! УАҚЫТША ШЕКТЕУЛЕР ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 3 маусымдағы №315 бұйрығына сәйкес ауа температурасы +25С градустан асқан кезеңде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырымына әрбір білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық, А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» автожолының 12-216 шақырым әрбір білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына 2023 жылдың 1 маусымынан 31 тамызы аралығында +25˚С градустан асқан жағдайда сағат 10:00 -ден  сағат 22:00 -ге дейін уақытша шектеу енгізіледі.

Халықаралық жүк тасымалына, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік тасымалдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын автомобильдерге шектеулер қойылмайды.

«Қазақавтожол» ЖШС,
 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ
 Қызылорда облыстық филиалдары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған