01.09.2026ж. жағдай бойынша отан­дас­та­рымыздың зейнетақы жинақ­та­ры­­ның көлемі 28,47 трлн. теңгеден асты.

Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақта­рының көлемі  2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн. теңгеден асты.12 айдағы өсім –3,36 трлн. теңге немесе 13,4%.

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағ­дай бойынша міндетті зейнетақы жарнала­рынан (МЗЖ)  қалыптасқан зейнетақы жи­нақтарының көлемі 26,37 трлн. теңге, 12 айда 2,53 трлн. теңгеге немесе 10,6% өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарна­лары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд. теңге болды.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойын­­ша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жыл­ғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд.теңге болып, 12 айда 7,1% өсім көр­сет­ті.

Салымшылардың (алушылардың) зей­нетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтар­дан түсе бастаған жұмыс берушінің мін­детті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жыл­дың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд. теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнет­ақы жарналары мен инвес­тициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салым­шылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд. теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсет­кіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд. теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнет­ақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басы­­нан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд. теңге (өткен жылдың сәй­кес кезеңімен салыс­тырғанда МЗЖ көле­мі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд. теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн. теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебі­нен жарналар 471,18 млрд. теңгені құрады.    

 Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд. теңгені құрады.

Төлемдер мен аударымдар

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтан­дыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд. теңгені құрады. 

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд. теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байла­нысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.  

2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған бір­жолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд. теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд. теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд. теңге, мүгедектігі бар адамдарға 2,32 млрд. теңге, жерлеуге 6,33 млрд. теңге көле­мінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйым­дарына 470,49 млрд. .теңге аударылды.

ЖЗШ саны

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағ­дай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотта­рының жалпы саны 19,01 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн. бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салым­шылардың (алу­шы­лардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн. бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн. – МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы – МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы ЕЗЖ есеп­телетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алу­шы­лардың, мұрагерлері зейнетақы жинақ­та­рын мұраға ресімдемеген қайтыс бол­ған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздан­дырылуға толық ауыстырылған әскери қыз­метшілердің және шоттарына Қазақ­­стан заңнамасына сәйкес жар­налар түспеуі тиіс салымшылардың (алушы­лардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәлімет­тер ескерілетін шартты зейнетақы шотта­рының саны 6,14 млн. бірлік. 

Зейнетақы активтеріне қатысты бар­лық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған