Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде Тәрбие бөлімінің бастығы, әділет капитаны Батырбеков Азаттың ұйымдастыруымен оқшауланған аймақта қалдырылған сотталған азаматпен қақпа алдында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматқа босатылғаннан кейінгі кезеңде әлеуметтік-құқықтық және жұмыспен қамту бағыттары бойынша қажетті ақпарат беру, қоғамға бейімделуіне және оңалуын қолдау көрсету.

Кездесуге Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы, әділет кіші лейтенанты Махамбатғали Бағлан Шертайұлы, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік оңалту орталығының заңгері Тоқсанбаев Нұржан Амитович, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалының маманы Қожақат Мақсат Маратұлы, сондай-ақ мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры М. Тұрымбетов қатысты.

Кездесу барысында сотталған азаматқа пробациялық бақылау, әлеуметтік оңалту, жұмысқа орналасу, мемлекеттік қолдау шаралары және қоғамға қайта бейімделу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында азаматтың алдағы уақытта әлеуметтік ортаға бейімделуіне қажетті қолдау көрсету тетіктері түсіндіріліп, мамандар тарапынан тиісті кеңестер берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған