▪️Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік істер бойынша құқық нормаларын қолдану» тақырыбында семинар өтті.
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төраға міндетін атқарушы Ш.Маликова, облыстық соттың судьялары К.Қаниева, М.Тогизбаева, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төраға міндетін атқарушы Г.Мырзатаева және осы соттың судьясы З.Жарылқасынова қатысты.
▪️Семинар барысында М.Маликова әкімшілік істер бойынша құқық нормаларын қолдану тақырыбында баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, апелляциялық және кассациялық сатыларда қаралған сот істеріне шолу жасап, сот практикасымен бөлісті.
▪️Жиын қорытындысында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты