▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә. Шығамбаев Қызылорда қаласының тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

▪️Жеке қабылдау барысында тұрғындар жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, жер дауы, келтірілген залалды өндіру, экологиялық коэффициентті төлеу, әлеуметтік қызмет көрсету шарттары, алимент өндіру және татуластыру рәсімдеріне қатысты сауалдарын қойды.

▪️Тұрғындарға көтерілген мәселелер бойынша заң талаптары аясында түсіндірмелер берілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған