▪️Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарына сәйкес, азамат Е. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, көше бойында көлік құралын басқарған.
▪️Е.-нің әрекеті өзінің түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қармақшы аудандық соты