▪️Байқоңыр қалалық сотында Қызылорда облыстық Билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтовтің қатысуымен Билер кеңесінің отырысы өткізілді.
▪️Жиын барысында Билер кеңесінің құрамын жаңадан қалыптастыру, кеңес қызметін одан әрі дамыту, оның жұмысын жүйелі ұйымдастыру және бірлескен жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.
▪️Қызылорда облыстық Билер кеңесінің төрағасы З. Нұрсейтов өз сөзінде Билер кеңесінің дауларды бітімгершілік жолмен шешудегі рөліне кеңінен тоқталып, қоғамдағы орны мен маңыздылығын ерекше атап өтті.
▪️Сот төрағасы Ж.Үсен өз сөзінде бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары ретінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, дауласу деңгейін төмендесу, отбасылық құндылықтарды нығайту, жастарға құқықтық тәрбие беру екенін атап өтті.
▪️Жиында Билер кеңесі мүшелерінің белсенділігін арттыру, тұрғындармен кездесулер өткізу және қоғамда татулық пен өзара сыйластық қағидаттарын кеңінен насихаттау қажеттігі айтылды.
▪️Кездесуді қорытындысында қатысушылар алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде өзара пікір алмасты.
Байқоңыр қалалық соты